29.07.2015, 18:51
Оқылды: 24

Дін мәселесі басты назарда

ZH     Бүгін ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенованың жетекшілігімен жат діни ағымға байланысты басқосу өтті. Шараға Қазпошта және ХҚКО қызметкерлері қатысты. Елімізде жат діннің әбден таралып, адамдарды тура жолдан тайдырып жүргендігі тілге тиек болды. Әсіресе, жастардың санасын улап, болашағын құртатындығы сөз етілді. Оған басты себеп, алдымен, ата – аналардың жұмысбастылығы болса, екіншіден, балалардың көп уақыт ғаламторда отыратындығы. Осы орайда тұрғындар арасында  алдын алу шараларын жүргізіп, ақпарат беру қажеттігі айтылды.  «Жалған ағым» тақырыбында бейне материалдар көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Әсемгүл Бекешева

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале