16.06.2015, 19:07
Оқылды: 28

Дін саласындағы жұмыстар талқыланды

Dini jinalis B Maken  Бүгін  облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облысы  әкімі Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева білім беру мекемелеріндегі «Дінтану» пәнін жүргізудің өзектілігіне тоқталды. Ал облыстағы деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қызыметі және өзекті мәселелері туралы  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова кеңінен мәлімдеп берді. Сондай-ақ бейбітшілік пен конфессияралық татулықты нығайту, діни төзімділік,     жалпыазаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуына көмектесуді мақсат еткен отырыста Ақжайық ауданының әкімі Ә. Жоламанов пен Шыңғырлау ауданының әкімі А. Халелов аудандардағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет берді.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале