27.08.2015, 10:27
Оқылды: 21

Дүбірлі тойға үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы келді

Saparbaev Orda   Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты Бөкей орда ауданын қарасты Хан ордасы ауылында Республикалық көлемде ұйымдастырылған шараның екінші күні «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферециясына және дала қызықтарына ұласты.

   Дүбірлі тойға арнайы келген үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев киелі Орда топырағына табанын тіреп, конференцияға қатысып, Хан сарайын аралады.

    Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, он тоғызыншы ғасырдағы қазақтың соңғы хандары Бөкей мен Жәңгір билеген хандық қазақ мемлекетінің қалыптасуына, әсіресе, сол елдегі саясаттың, экономиканың, мәдениеті мен өнері, білімінің дамуына үлкен үлесін қосты. Қазақстандағы тұңғыш мектеп, қазынашылық үйі, дәріхана, кітапхана осында ашылған. Исатай мен Махамбет, Сырым батырлар ат ойнатып, жерін жаудан қорғады. Бұл ұлы тойға барлық өңірлер, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы да Тараздағы Мыңбұлақта құрылыс салып, үлес қосуда. Ең бастысы, Елбасымыз айтқанындай, Мәңгілік ел бола алатынымызды тарихымыз бен бүгініміз және болашағымыз арқылы дәлелдей білуіміз керек», - деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, ел азаттығын аңсап, сол жолда қанын да, жанын да аямаған хандарымыз бен батырларымыздың, барлық арыстарымыздың есімдерін қастерлей білу - бүгінгі ұрпақ парызы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале