25.04.2016, 11:15
Оқылды: 70

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін Зеленовтықтар ауқымды атап өтті

????????????????????????????????????

    Әмбеге аян, 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Атаулы мереке Зеленов ауданында ауқымды түрде аталып өтті.

      Адам өмірінде кітаптың алар орны айрықша екенін ту еткен осынау керемет шараны Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы өте жоғары деңгейде ұйымдастырды.


    Жиналған жұртшылықтың санында шек болмаған шараға  аудан әкімі Кәрім Жақыпов куә болып, оқырмандарды аталмыш мерекемен құттықтады.

    Бұл шара басқа шарадан өзгерек болды деуге толық негіз бар. Тінін тарқатар болсақ, «Кітап оқуға шақырамыз!» библиокеруені көпшілікке «Жан сергітер сөрелер», «Туған өлке - тұнған шежіре», «Бір ел-бір кітап», «Мәңгілік құндылық», «Жаңа кітаптар», «Ұмытылған классика» тақырыбында керемет кеш сыйлады.

     Фотосалон «Бір сәтке кідір», библиокафе «Кітаптар деликатесі», буккросинг «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз», «Кітап ханшайымын таңда!» квик акциясы,  «Ауданымыздың құрметті адамдары оқуға ұсынған кітаптар» фото жобасы, «25 жыл бұрын: тарих толқынында» фото көрмесі, кітап көрмесі, «Сайқымазақ  Анэта сізді күтеді» библиоквест, «Ғажайып ағаш» жедел сұхбаты, «Болашақпен кездесу» кітапханалық шабаш, «Бидің сиқырлы әлемі» сынды түрлі-түрлі бөлімдерді тамашалаған аудан тұрғындары мен қонақтары жақсы әсерлерімен бөлісіп жатты.

     Сонымен бірге,  оқушылар флеш-моб ұйымдастырып, аудан өнерпаздары әуезді әндерімен әспеттеді. Сондай-ақ, кітапхана директоры Ақзира Бекмағанбетова киім үлгісін көрсеткен кітапхана қызметкерлерін шара соңында марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале