23.06.2016, 16:08
Оқылды: 57

«Дұрыстық жолы» жинағы несімен құнды?

13466140_1049788018403892_7267559036849229146_nЖаңа жинақты таныстыру рəсіміне жиналғандардың алдында "Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин «Дұрыстық жолы» жинағының қандай ерекшелігі бар?» деген сауалға айырықша тоқталып, кеңінен түсінік беріп өтті.


FB_IMG_1466675736018

Медиахолдинг басшысының айтуынша, 1919 жылы Ордада, қазақ тілінде шыққан бұл газеттің қазақ тарихы үшін орны бөлек. Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев секілді ұлт зиялылары шоғырланған бұл басылым – сол кездегі жас Совет өкіметіндегі қазақ автономиясының бас газеті болды. Хан ордасында ұлттық дәрежедегі баспа ісі, аударма ісі, білім беру ісі қолға алынды. Сондықтан бұл басылым тарихының зерттелуі қазақ мемлекеттілігі кезеңдерінің бір белесіне шолу десек, артық айтқандық емес.

FB_IMG_1466675748607Сонымен бірге бұл жинақта «Дұрыстық жолы» газеті жазушылар құрамасының мүшесі Тамимдар Сафиевтің Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған өте құнды естеліктері тұңғыш рет жарияланып отыр. Бұл естелікте 1915-1920 жылдар арасында Бөкейлікте болған қоғамдық-саяси оқиғалар, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен майдан қара жұмысы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы т.б. тұлғалар туралы өте қызықты деректер айтылады.

FB_IMG_1466675744951Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңына тұспа-тұс келіп отырған бұл оқиғаның маңызы өте зор деген ойдамыз.

Бұл кітап – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елеусін Бұйрин, Ғұмар Қараш, Мұхамеджан Сералин, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Хайретдин Болғанбаев, Халел Есенбаев т.б. секілді қазақ баспасөзін қалыптастырған Алаш арыстарының аруағына, барша аға буын журналистерге деген үлкен құрмет.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале