3.05.2016, 17:41
Оқылды: 12

Дәрігерге жүгінгендер кезекте сарсылып отырып қалмауы керек

????????????????????????????????????

     Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Чапаевтағы аудандық емхана мен орталық ауруханада болды.

   Емханаға келуші тұрғындармен жүздескен Әділ Тауфиқұлы терапевтің және басқа дәрігерлердің қабылдауларын байқастады. «Дәрігерге жүгінгендер кезекте сарсылып отырып қалмауы керек, шалғайдан келгендерге назар бірден аударылғаны абзал»,-деді ол ақжелеңділерге. Әкім қан анализі зертханасында болып, мұнда да  жұртқа ыңғайлы жағдай әрдайым болуын қаперге салды.


     Орталық ауруханада оның директоры Дархан Хайрушевпен және басқа мамандармен терапия бөлімшесінде порталмен кезекті сиректісу жайында мәселе талқыланды. Аурухана ғимараты алдағы уақытта жөндеуден өткізілетін болады. Соған дайындық жайы сөз болды. Жөндеу кезінде ғимараттан босаған ескі құрылыстық дүниелерді кейін басқа жерлерге пайдаға жарату туралы да әңгімеленді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале