11.05.2016, 12:15
Оқылды: 25

Дәрігерлер ардагерге деген құрметтерін білдіріп, сыйлық табыс етті

Sirim Latifolla    Сырым аудандық орталық ауруханасының директоры Асхат Дүйсенғалиев әріптестерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырым ауданының құрметті азаматы Латифолла Кереевті Ұлы Жеңіс мерекесімен арнайы құттықтады.


    Ардагердің шаңырағында болған кездесуде аурухана директоры Асхат Дүйсенғалиев Латифолла Кереевке еткен ерлігі  үшін алғысын айтты, зор денсаулық пен жанұя амандығын тіледі. Дәрігерлер ардагерге деген құрметтерін білдіріп, сыйлық табыс етті.

    Латифолла Кереев бүгінде 91 жаста. Ол Кеңес Одағының жаяу әскері құрамында жүріп, 1945 жылы Германияның астанасы Берлин қаласындағы шешуші ұрысқа қатысты. Қарт жауынгер Еуропадағы әскери қимылдар аяқталғаннан кейін Жапониядағы соғыста болды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале