25.01.2016, 16:47
Оқылды: 23

Дәстүрлі емес діни ұйымның жетегінде жүрмейік

 Zelenovdastyrli  emes din  Переметный ауылында аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың төрағалығымен «Мемлекет тұтастығына дәстүрлі емес діни ұйымдардың кері әсері және оның алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Бүгінгі күнде басты мәселенің біріне айналған тақырыпты таразы басында талқылауға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің БҚО Зеленов ауданы бойынша департаментінің жедел уәкілі Қайнар Әжігереев, аудандық прокурордың орынбасары Руслан Молдахметов пен ұстаздар қауымы қатысты.


-Өңірімізде аудан әкімдігі жанында кеңес пен діни толеранттық және экстремизм мен терроризмнің алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобы жұмыс жасайды. Насихаттық топ түрлі семинарлар мен кездесулер өткізуде,- деген Асылұлан Тұрсынұлы сөз кезегін баяндамашыларға ұсынды.

Үлкен Шаған мектебінің ұстазы Альбина Сарбасова «Дінтану негіздері» факультативтік курсын өткізуде оқушыларға діннің тарихы, мәдени және дүниетанымдық мәнін ұғындыру, толеранттылыққа тәрбиелеу, діни әдебиеттерді, ақпарат көздері материалдарын сыни тұрғыда бағалауға, терроризм мен діни радикализм идеологияларының қоғам мен еліміз үшін қауіптілігін ұғындыру мұғалімнің басты мақсаты десе, Белес білім ошағының ұстазы Жасұлан Егізбаев ата-аналар балаларын үнемі бақылауда ұстап, уақыттарын босқа өткізбеуді қадағалау қажет екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Переметный мектебінің мұғалімі Наталья Бекк еліміздегі діни хал-ахуал жайында ой өрбітіп, діни экстермизм қатерлі құбылыс екендігін оқушыларға жіті түсіндіріп, балалармен жиі жұмыстануды ұсынды.

Ал, Руслан Бекболатұлы мен Қайнар Қажымұратұлы жиылған халықты асыл дінімізді ардақтап, жат ағымның етегіне жармаспауға шақырды. Оған қоса, ұстаздар мен оқушыларға барынша мұқият болып, мектепте қандайда бір күдікті адаммен, іс-әрекет байқаса бірден тиісті органдарға хабарлауын ескертті.

www.zhaikpress.kz

 Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале