17.05.2016, 17:25
Оқылды: 22

Дәстүрлі жарыстың жарқылы

????????????????????????????????????

    Ақжайық ауданының Чапаев ауылында спорт ардагері Ержан Қожахетовты еске алуға рналып еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті.


   Атыраудан және оның Индер, Құрманғазы аудандарынан, Оралдан, сондай-ақ облысымыз орталығынан мамандандырылған дарынды балалар спорт мектебінен, Тасқала, Бөрлі, Сырым, Қазталов, Қаратөбе және кілем иелерінен келген өкілдер жарыстың ашылу салтанатында Е.Қожахметовтың анасы зада апа мен ұлы Асқар, аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Құлмұқанова, ардагерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Асылбек Оразгалиев құттықтады.

   Күрес өнеріне құштар өрендер Е.Қожахметовтың өңіріміздегі спорт пен дене тәрбиесіне дамуына қосқан үлесінен кеңінен хабардар болды. О бастан-ақ оның атындағы бұл турнир балауса балауандардың шеберлігін шыңдауға, спортпен мығым достасуына септесіп келеді.

    Бірнеше жылдан өтіп келе жатқан бұл дәстүрлі жарыстың бұл жолы да көрермен-жанкүйерлерге зор әсер әкелген сәттер өте мол болды. 2004-2006 жылдары туған  кіші жасөспірімдер арасында: Арсен Еркинов, Нүркен Амангелдиев (Атырау облысы), Ернар Әнуаров (Бөрлі), Абзал Ораш (Орал), 2001-2003 жылдары туғандардан Қайдар Мақсот, Бексұлтан Сарсенбай, Әділхан Өтепқали (Ақжайық), Бейбарыс Парух, Әлихан Есқалиев, Әліхан Деменов, Мерей Амандықов, Бексұлтан Қыдыров (Орал) Саясат Балғалиев (Сырым) І орынды иеленді.

www.zhaikpress.kz

Асылхан ТЕМІРҒАЗИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале