7.10.2015, 9:02
Оқылды: 40

Дәстүрлі поэзия сағаты өтті

Akjayik jyban   Ақжайық аудандық орталық модельді балалар кітапхананың ұйымдастыруымен халық жазушысы, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтың  95 жылдығына орай «Ел жадынан өшпейді Жұбан ақын» атты поэзия сағаты ұйымдастылды.

Ақынның туған күні – 5 қазанда осындай ерекше поэзия мерекесі Жұбан ескерткіші жанында өткізіліп келеді. Биылғы бұл мереке «Желтоқсанның жебесі» атанған, қазақтың маңдайына біткен белгілі тұлғаның мұрасын оқып-үйренген жастардың қатары қалыңдап келе жатқанын айқын көрсетіп берді.

Дәстүрлі шараны Қазақстан  Ақын-жыршылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев ашты. Чапаев ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербей Қажығалиев Жұбан Молдағалиевтің қазақ әдебиетінде қалдырған орны туралы толғамын айтты. «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Біржан Кухаев жас буынды Жұбан шығармаларының отаншылдыққа шақыратыны туралы баяндап, «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды.

Шара барысында  Жұбан ақынның шығармаларынан мол дерек беретін «Әлемге әйгілеген қазақ атын» атты кітап көрмесі таныстырылды. «Муза» шығармашыл оқырмандар отауының мүшелері Н.Зинуллиев, А.Антонова, Н.Бақыт әйгілі қаламгердің жырларын оқыды. Кітапхана ұжымы дайындаған «Қазақтың Жұбаны» атты ұсыныстық тізім таратылды. Мәдени демалыс орталығының қызметкерлері Әнуар, Венера Нұрғалиевтер әсем әннен шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале