12.01.2016, 18:12
Оқылды: 31

Дәстүрлі спартакиада басталды

BKATU sportakiada   Бүгін Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор- оқытушылары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде өтетін «Денсаулық» спартакиадасы бастау алды.  Білім-ғылыммен шұғылданып қана қоймай, білім ордасының  абыройын асқақтатып, мәртебесін еңселеп жүрген әуесқой спортшылардан құралған 8 командаға университет ректоры Нұрлан Серғалиев тартысты сайыста сәттілік тіледі.


Қазіргі уақытта спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасындағы топ ішіндегі кездесулер өтуде. Алғашқы күннен бастап қоржынын жеңіс ұпайларымен толтырғандардың көш басында машина жасау факультеті болса, қалған қомандалар да намысты қолдан бермеуге тырысуда. Үстел теннисі, мылтық ату, шахмат, волейбол, қол күресі, масс рестлинг, эстафета, арқан тарту, шағын футбол, шаңғымен жарысу секілді кездесулер қаңтардың 16-ына дейін созылады.

www.zhaikpress.kz

Айнұр Базарова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале