12.05.2016, 10:27
Оқылды: 44

Дәстүрлі әнші Серік Абдрахмановтың 50 жасқа толуына орай «Көкейге қонған қоңыр ән» атты шығармашылық кеші өтеді

Serik aga     БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 14 мамыр күні сағат 18.30-да филармонияның концерт залында Республикалық Ә.Қашаубаев, Ғ.Құрманғалиев атындағы дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты Серік Абдрахмановтың 50 жасқа толуына орай «Көкейге қонған қоңыр ән» атты шығармашылық кеші өтеді.


         Шығармашылық кеште ҚР мәдениет қайраткері Бауыржан Сатыбалды, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Светқали Нұржанов, Халықаралық «Түрксой» сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, жыршы - Берік Жүсіпов, күйші Едіге Нәбиев, жыршы -Жетес Жәмеков, ҚР Мәдениет саласының үздіктері - Қайрат Кәкімов, Мұсағали Бектенов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, Республикалық  байқаулардың  лауреаты -  Асхат Ораз, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі өнер көрсететін болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале