14.08.2015, 9:47
Оқылды: 192

Дәуқара батырға ас берді

Даукара батыр13 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округіндегі Жігерлен елді мекенінің жанындағы көне қорымда, Дәуқара батыр Қарақожаұлының басында айтулы жиын болды.

Кіші жүз Байұлы Сұлтансиық Байбақты руының бір топ азаматы көне қорымды қоршап, тас төсеп, батырға арналған ескерткіш тақта орнатып, ас берді.

Дәуқара - байбақты руының ұранына шыққан айтулы батыр, құлпытасындағы дерекке қарағанда, 1751 жылы 64 жасында қаза тапқан.

Даукара батыр (1)«Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында өткізіп отырған бұл шарамызды біреулер рушылдық деп ойламасын. "Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады". Ел қорғаған батырдың рухын жаңғыртсақ, халықтың да рухы көтеріледі. Бізге дейін де қазақтың небір марғасқа азаматтары өтті ғой. Бірақ өткен тарихты жаңғырту, ата-баба басын көтеру бізге нәсіп болыпты. Осыған қуаныштымыз",- деп сөйледі осы істің басы-қасында жүрген азаматтар.

www.zhaikpress.kz

Қазыбек Құттымұратұлы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале