13.06.2016, 10:54
Оқылды: 21

Дөңгелек үстелде талқыланды

Terekti dongelek ystel   Ақтөбе қаласындағы қанды оқиғадан соң, аудандық Достық үйінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Иманымыз бен бірлігімізге бекем болайық!» атты дөңгелек үстел өтті.


   Жиынға аудандық мешіттің имамы Халықбек Сыдықов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теологі Бейімбет Дүйсенәлі, «Іс үшін-За дело» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арғын Жұлдызбеков, мекеме басшылары мен қызметкерлері және жастар қатысты.

  Іс-шарада мәзхаб ұстану, салт-дәстүр мен исламның сабақтастығы, бала тәрбиесі, өзге ағымның елімізге тигізер зияны, қасиетті Рамазан айында білімге ұмтылу, жақсылыққа шақыру сынды тақырыпта әңгіме өрбіді.

   Қатысушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

www.zhaikpress.kz

Аягөз БАҚТЫҒАЛИ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале