7.07.2015, 10:30
Оқылды: 33

«Дөңгелек үстелде» - «100 қадам»

Akjayik 100 kadam    Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы кітапханада Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары-100 қадам» атты бағдарламасына арналып «Жаңаруға бастайтын жаңа беталыс» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан арна тартатын нұрлы бағыттар жайында Тайпақ ауылдық округі әкімінің орынбасары - Е.Темірғали, №2 Ақжайық аудандық сотының төрайымы Г.Сагитова, Тайпақ колледжінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Кашимов, Тайпақ полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры М.Нұрғалиев, Тайпақ ауруханасының медстатисі Г.Мақсотова, жастар жетекшісі  Г.Шопанова кеңінен әңгімеледі. Еліміздің дамуы қисынды, эволюциялық жолда екені нақты мысалдармен баяндалды. Олар осы мәжіліске шақырылған тыңдаушылармен бірге «Ұлт жоспары-100 қадам» атты кітап көрмесі жанында да кеңінен пікір алысты. «Дөңгелек үстелді» кітапхана меңгерушісі С.Тілекеева қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале