16.10.2016, 18:05
Оқылды: 35

Еврей Жаңа жылы - «Рош а Шана»

screenshot_2016-10-16-18-37-24-1Бүгін қаладағы Достық Үйінде «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен еврей халқының жаңа жылдық мерекесі тойланды.


«Еврей Жаңа жылы-Рош а Шана» атты мерекелік шараға облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Александр Әжіғалиев пен Батыс Қазақстан облысындағы Ресей Федерациясының консулы Саид Забитов және өңіріміздегі ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.

fb_img_1476622798289Шараға келгендер ең алдымен еврей халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары жөнінде баяндайтын көрме деректерімен танысты. Бұдан соң мерекелік шара басталып, осы шараға арнайы келген қонақтар жиналғандарды мейрамдарымен құттықтады.
screenshot_2016-10-16-18-38-20-1-Биыл еліміз егемендігіміздің 25 жылдығын тойлайды. Осы жылдар ішінде Тәуелсіз Қазақстан қай салада болмасын үлкен табыстарға қол жеткізді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде түрлі ұлт өкілдері өзара тату-тәтті өмір кешуде, Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін ынтымақтаса еңбек етуде. Бүгінгі мерекелік шара да ұлттар арасындағы татулық пен достықтың бір үлгісі іспетті. Осы шара арқылы бүгін біз еврей халқының тарихымен, мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен жақынырақ танысамыз. Бұл шара облыс әкімдігінің қолдауымен «Этностар мәдени күні» жобасының аясында қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал ету, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарау, азаматтарды біріктіру және топтастыру, достық пен халықаралық бірлікті, ынтымақтастықты насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту – біздің басты міндетіміз. Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының да үлкен қолдау көрсетті, -деді өзінің құттықтау сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Александр Әжіғалиев.
screenshot_2016-10-16-18-37-31-1Бұдан соң сөйлеген Батыс Қазақстан облысындағы Ресей Федерациясының консулы Саид Забитов еврей халқының өкілдерін елшілік атынан жаңа жылдарымен құттықтап, қашан да жақсылыққа ұмтылған еврей халқына бақ-береке, бірлік пен мол бақыт тіледі.

Мерекелік құттықтауды одан әрі «Айдана» ЖШС директоры, «Мирзоян» армян мәдени- ұлттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Аветик Амирханян, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов, «Ламед» еврей ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Ольга Дергачева жалғастырды.

Ольга Дергачеваның айтуынша, еврей орталығы 1989 жылы 16 желтоқсанда құрылған. Қазіргі кезде Батыс Қзақстан облысын 1500-ден астам еврей ұлтының өкілдері мекен етіп, қоғамның барлық саласында еңбек еуде.
fb_img_1476622792020-Еврей жаңа жылы–Рош а Шана қыркүйек, қазан айларының бірінші күндері еврейлердің тишри календары бойынша тойланады. Жаңа жылда еврей халқы өткен жылдағы өмірін талдап, істеген жұмыстарын сарапқа салып, жаңа жылға таза ниетпен, үлкен ықыласпен аяқ басады. Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, ұлтаралық келісім саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Елбасының осындай саясатының арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар өздерінің салт-дәстүрлерін, тілдері мен діндерін сақтауда. Мемлекеттің бұл саясаты - халықтар арасындағы Достықты жоғары бағалауы деп түсінеміз. Біртұтас ел ішіндегі мейрамдардың қай-қайсысы да баршамызға ортақ болып саналады. Олай болса, барша жұртты бейбітшілікке, ынтымақтастыққа шақыратын «Еврей Жаңа жылы-Рош а Шана» мерекесі құтты болсын!,-деген Ольга Дергачева жиын соңында жиналғандарды еврей халқының ұлттық тағамдары қойылған Достық дастарханына шақырды. Шара еврей қызының орындауындағы «Егемен Қазақстан» әнімен аяқталды. Шараның жоғары деңгейде өтуіне мерекелік кешті жүргізген «Ламед» еврей этно-мәдени қоғамы жетекшісінің орынбасары Феликс Баюканский мен оның көмекшісі, кешті таза қазақ тілінде жүргізген №26 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ирина Жиликтің үлкен ықпал еткенін айта кеткеніміз жөн.

Айша ӨТЕБӘЛІ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале