21.09.2015, 18:18
Оқылды: 14

«Еврей мәдениет күні»

Evrei011   Орал қаласындағы Жастар шығармашылығы орталығында этномәдени орталықтарының қатынасуымен еврей этномәдени бірлестігінің күніне арналған «Еврей мәдениет күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында еврей ұлтының мәдениеті мен салт дәстүрі және шығармашылық жұмыстарымен таныстыру шараның басты мақсаты болып табылды.

- Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Этномәдени бірлестіктердің арасында еврей ұлтыныңда орны ерекше. Қандай іс-шаралар болмасын өз үлестеріңізді қосып, белсенді араласып келесіздер. Бірлік пен татулықты қолға алып, ардайым амандықта жүздесуге жазсын. Мереке құтты болсын, -деді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы.

Еврей этномәдени бірлестігі өздерінің «Рош-а-шана» атауымен жаңа жылды қарсылады. Мерекелік кеш кітап көрмесімен басталды. Онда еврей ұлтынан шыққан жазушылардың кітаптары қойылған. Концерттік бағдарламада әртүрлі тілде әндер шырқалып, шара қыза түсті. Еврейлердің ұлттық тағамдары қойылған дастарқаннан жиналған қауым дәм татты.

www.zhaikpress.kz

Темірболат  ӘНУАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале