14.12.2015, 15:36
Оқылды: 21

Егеменді ел белгісі – Тәуелсіздік

Zelenov tauelsizdik sagati   Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Тәуелсіздік күні қарсаңында «Егеменді ел белгісі – тәуелсіздік» атты  кеш өткізді.


Тәуелсіздікке арналған кеште алдымен әнұранымыз шырқалды. Одан әрі кеш жүргізушілері егеменлікке қалай қол жеткізгендігіміз турасында ой өрбітіп, оқырмандарға еліміздің елеулі даталары аясында сұрақтар қойды.

Ал, жас оқырмандар тәуелсіздікке арнаған жырларын төкті.

Сондай-ақ, «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі – Тәуелсіздік» атауымен көрме ұсынылып, еліміздің тарихы, Елбасы туралы кітаптар таныстырылды.

Кеш барша қазақтың жүрегінен ерекше орын алатын «Атамекен» әнімен тәмамдалды.

 www.zhaikpress.kz

Динара Тілекқызы

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале