4.09.2015, 12:42
Оқылды: 20

Егіндібұлақта өрт сөндіру бөлімі ашылды

зеленов пожаркаБҚО Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінде "Өрт сөндіруші" АҚ-ның 32 өрт сөндіру бөлімі ашылды.

Бөлімнің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев халықтың, ауыл шаруашылығының қауіпсіздігі үшін іске қосылған бөлім ұжымына сәттілік тіледі.

Еткен еңбек еш кетіп, тілсіз жаудың зардабынан талай шығынға батқан қиындықтарды оңтайлы еңсеруде бөлімге артылар сенім жүгі ауыр.

пожаркаЗеленов ауданында биылдың өзінде жүзден астам өрт оқиғасы тіркелген. Орман, шабындық, егіс алқабында орын алған өрт оқиғасынан келген шығын көп. Сондай-ақ күзгі уақытта ауыл арасында қора-қопсыға қасақана от қоятындарды да жасыра алмаймыз. Ал іске қосылған бөлім қызметкерлері өрт сөндірумен қатар ауылдың өзге де мұқтаждықтарына көмек қолын созбақ. Бүгіннің өзінде бөлімге ауылдан 9 азамат тұрақты жұмысқа қабылданған.

Мұндай өрт сөндіру бөлімінің екіншісі ауданда Көшім округінде ашылмақ. Онда да өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы 9 адамнан жасақталмақ.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале