15.06.2016, 14:23
Оқылды: 36

Егіндікөлде туризм лагері ашылды

????????????????????????????????????

  Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылдық округінде «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагері ашылып, өз жұмысын бастады.

  Бұл лагерь Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты жəне экология орталығы жанынан ұйымдастырылып отыр.


  Шараның ашылу салтанатында сөз алған ауыл əкімі Абат Зейнуллин лагерьге қатысушы жас туристерді құттықтап, сəттілік тіледі.

   Одан соң орталық директоры Нұрлан Меңдешов лагерь жұмысымен таныстырып, жас туристердің алдағы уақытта тарихи-танымдық жұмыстармен танысатындығын айтып, балаларды бір қуантты.

   Шара соңында əсем əндер өріліп, естелік суретке түсті.

   Жалпы, 10 кезеңді қамтитын лагерьде жоспар бойынша 200 оқушы демалмақ.

www.zhaikpress.kz

Қуаншәлі БАЯНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале