5.10.2016, 11:58
Оқылды: 32

Егіндікөлде қариялар күні мерекесіне арналған мерекелік дастарқан жайылды

egindikol   Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылдық округінде қариялар күні мерекесіне арналып мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауылдың дамуына, гүлденуіне үлес қосқан қарияларға арналған  мерекелік дастарқан жайылды.

Егіндікөл ауылының орталығындағы «Жасыл желкен» туризм орталығының базасында қазыналы қарттарымызға ауыл әкімішілігі, округтегі мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен құрмет көрсетілді.


Шарада сөз сөйлеген Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин:

  • Туған жердің әлеуметтік жағдайының көтерілуіне сүбелі үлес қосқан еңбектеріңіз өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиелей жүріп, уақытпен санаспай ел үшін еңбек етіңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді.

Жүректері жылылықты аңсайтын қарияларымызға ауыл мәдениет үйінің қызметкерлері сазды бағдарламаларын ұсынды.

Алғыстарын білдірген қарттарымыз домбырамен ән салып, әсем әннің әуенінде би билеп бір серпіліп қалды.

Кеш соңында ауыл ақсақалдары  баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді дейді Егіндікөл ауылдық округі әкімшілігінің әлеуметтік қызметкері Құрман Тасболатов.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале