22.06.2016, 16:46
Оқылды: 45

Егін шаруашылығы өркендей бермек  

?????????????????????????????????????????????????????????

Соңғы жылдары мал шаруашылығына көптеп көңіл бөлген шыңғырлаулықтар, соның ішінде, шаруашылық субьектілері  биылғы жылы  мал шаруашылығын өркендете отырып, егін егуді де қолға алды. Науқан кезінде  егістік далалықтарында  жұмыс қауырт жүріп, нәтижесінде 11025 гектар жерге егін егілді.


Егін егу науқанын уақтылы бастап, тиянақты аяқтаған Шыңғырлау селолық округінен «Жарас»ЖШС-гі,  Лубеннен «Мезинов», «Өнім»,  Ащысайдан «Жаңа жер» шаруа қожалықтарында егін бітік шықпақ деп күтілуде. Себебі  дән себілісімен басталған  көктемгі жаңбыр  егіс даласының  бітік көктеуіне сеп болып отыр.

Селолық округтердегі  барлық  шаруашылықтарды қоса алғанда  Шыңғырлау ауданының  жауапкершілігі мол жұмысты  101,2 пайызға орындап отыр.

www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале