4.06.2016, 20:29
Оқылды: 20

Егіс алқабындағы жүздесу

 Zelenov Nurtas   Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов іссапармен Зеленов ауданында болып, «Калининское» ЖШС және «Киргенев», «Журавлев» шаруа қожалықтарының күздік, жаздық егіс алқаптарымен, культивациясымен, сондай-ақ, «Хайруллин» шаруа қожалығының мал шаруашылығымен танысты.


    Өңір басшысы іссапар барысында аталмыш ауданның өзге де шаруа қожалықтарының басшыларымен емін еркін, далалық жағдайда жүздесті.

   - Бүгінгі сапарымыздың мақсаты – шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу болды. Жалпы ауыл шаруашылығында қандай мәселелер бар екенін тыңдап, ұсыныстарды талқыладық. Биылғы көктем мол жауын-шашынымен шаруаларға қолайлы жағдай туғызды. Өңіріміздегі егін алқабы өткен жылмен салыстырғанда молайды. 450 мың гектарға егіс егілді. Мал азығын жинап алуға да оңтайлы мүмкіндік болып тұр. Мәселен өткен жылмен салыстырғанда егістік пен жем-шөптен екі есе мол өнім аларлықтай жағдай бар. Ендігі мақсат – тұрғындарды жұмылдырып, өнімді уақытылы жинап алу. Шаруа қожалығының жетекшілері күзгі дәнді дақылдарға гектарлық субсидия сұрап отыр. Олар бұл бағыттағы субсидия өздерінің жұмыс қарқынын күшейтетінін айтты. Қожалық жетекшілерін урбанизация салдарынан болып жатқан маман тапшылығы да алаңдатады. Малшы жетпейді, ауыл шаруашылығымен айналысқан азаматтарға жер жетпейді. Осындай бірқатар ұсыныстар айтылды. Барлық мәселелерді жинақтап, тиісті әріптестермен жұмыстанатын боламыз, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов іссапар кезінде журналистерге берген сұхбатында.

   Сапар барысы туралы толығырақ ақпаратты «Орал өңірі» газетінің алдағы сейсенбі күнгі санынан оқуға болады.

www.zhaikpress.kz

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале