28.08.2016, 21:51
Оқылды: 42

Екатерина Ларионова бастаған олимпиадашылар қала көшелерімен салтанатты түрде жүріп өтті

Jyrip otti   Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова өзін құрметпен қарсы алғаны үшін батысқазақстандықтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ спорт ардагері, еркін күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Мұсабеков Орал қаласында Данияр Елеусінов пен Екатерина Ларионованың табысына орай палуандар мен боксшылар даярлайтын арнайы спорт мектебі ашылса деген тілегін айтты.


  Бұдан кейін Екатерина Ларионова бастаған олимпиадашылар қала көшелерімен салтанатты түрде жүріп өтті.

  Айта кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы атынан сынға түскен Таймураз Тигиев еркін күрестен Бейжің олимпиадасында күміс, Даниал Гаджиев грек-рим күресінен Лондонда қола жүлдені еншілеген еді. Дегенмен олардың екеуі де шеттен келген спортшылар еді. Ал Рио олимпиадасында Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшқан, қазір Астана қаласында тұратын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов алтыннан алқа тақса, Оралда туып-өскен Екатерина Ларионова қола жүлдеге қол жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале