7.10.2015, 19:27
Оқылды: 40

Екпе мәселесі күрделеніп барады

Akim Oblis akimdigai janindagi dini ister birlestigi    Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен болған жиынға аталмыш кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан облыс басшысы биыл елімізде біраз мерейтойлық шаралар өткенін айта келіп, олардың жоғары деңгейде тойлануына қоғамдық, діни ұйымдардың өз үлестерін қосқандығын атап өтті. Бұл ұйымдар сондай-ақ, жастардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда да көп еңбек етуде. Мұның бәрі еліміздегі татулықты, дінаралық келісімді, саяси тұрақтылықты сақтауға өлшеусіз үлес қосуда.

Кеңес отырысында алғашқы баяндаманы дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов жасады. Оның айтуынша, орталық қызметі 3 бағытта өрбиді. Яғни зайырлы ортамен, дәстүрлі емес діни ағымдар және жазасын өтеу орындарындағы діни экстремистік көзқарастағы азаматтармен жұмыстар жүргізіледі.

Келесі кезекте баяндама жасаған Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыповтың сөзіне қарағанда, ауданда 5 діни бірлестік жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметке сүйенсек, теріс діни жолда жүргендер 45 отбасы, яғни 93 бала екпе алмай отыр. Оның қажеттілігін түсіндіру мақсатында биыл мектеп директорларының, медбикелердің, ауыл әкімдерінің, ата-аналардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.  Онда жат ағымдардың еліміздің болашағына тигізер зиян-зардаптары, дәстүрлі діннің негізгі қағидалары түсіндірілді. Соның нәтижесінде 2 бала екпе алды. Бұл жұмыстар жалғасын табуда».

Екпе мәселесін Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов те көтерді. Ол екпе мәселесін заңмен қатайту қажеттілігін атап өтті. Себебі аудандағы кейбір ата-аналар екпе алмау салдарынан балаға бір нәрсе болса өзіміз жауап береміз деп одан бас тартып отыр. Егер олар ауыра қалса, айналасындағыларға жұқтыру қаупі туындайды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале