31.08.2016, 16:16
Оқылды: 114

«Екпін» газетінің директор-редакторы қызметіне Кенжеғалиев Тоқтар Ғабдірешұлы тағайындалды

 Toka3  «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллиннің №158\1 ж.қ бұйрығы негізінде «Жайық Пресс» ЖШС Тасқала аудандық филиалы – «Екпін» газетінің директор-редакторы қызметіне Кенжеғалиев Тоқтар Ғабдірешұлы тағайындалды.


   Бүгін жаңадан тағайындалған басшыны Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев аудан активіне таныстырды.

   Кенжеғалиев Тоқтар Ғабдірешұлы 1977 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1998 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін мұрағаттанушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғаш еңбек жолын 1998 жылы облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінде кіші әдеби қызметкер болып бастаған. Әр жылдары осы газетте тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен. Одан бөлек Т.Кенжеғалиев Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь», Орал қалалық «Жайық үні» газеттерінде редактор болып жұмыс істеген. Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас маман болған. Отбасылы, бір ұл, бір қызы бар.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале