3.11.2015, 13:09
Оқылды: 33

Екі ауыл жастарының пікірсайысы

Akjayik eki auil jastarinin pikirsayisi   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесі, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі Көнеккеткен және Чапаев ауылдары жастары арасында «Жемқорлықты жою мүмкін бе?» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырды. Аталған кеселге  қатысты мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеуді көздеген шара барысында көнеккеткендік жастар Күнсая Сисенова, Әли Орынов, Айкөркем Ақмұханова қоғамның жегіқұртын түбегейлі шегіндіруге елімізде мүмкіндік барын мәлімдеді. Олардың ойынша, алдымен, отбасындағы тәрбие нықталса, жемқорлықты жеңуге болады. Қарсылас «Азат» тобы (Чапаев ауылы) мүшелері Сәнім Искалиева, Қайырбек Қайырғалиев, Мария Бижанова ел дамуына нұқсан келтіретін жемқорлықты жою бұл таңда қиын, өйткені адамдар санасында осындай түсінік берік қалыптасқаны, бүкіл іс тек мемлекеттің мойнына  жүктелген деп ұғыну басым екені туралы баяндады. Қостараптың мәселені меңгеруі мен өз ұстанымдарын жеткізе білу дағдысын сарапшылар – аудандық мәслихат хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев, аудан прокурорының орынбасары Ерлан Жаңбырбай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Гүлжайна Шиниязова, партияның «Мерей» бастауыш ұйымының төрайымы Әсел Мұқанғалиева, «Қарасай» бастауыш ұйымының төрағасы Исатай Кансултанов таразылады. Сарапшылардың берген дауыстарына сәйкесекі командалар ұпайлары тең түсті.

«Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Кухаев қатысушыларға диплом және «Ақжайық өрендері» кітабын тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале