30.10.2015, 17:03
Оқылды: 13

Екі кезеңде өтті

внимание пешЖәнібек ауданының орталығында қазан айының 20-сы мен 29-ы аралығында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» атты республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы аясында, екі кезеңде «Жаяу жүргінші өткелі» және «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» акциясы өткізілді.

-Жаяу жүргінші өткелі қаупі жоғары орын болып табылады. Оны бір деңгейде көліктер мен жаяу жүргіншілер легі кесіп өтіп жатады. Осы бір қауіпті аймақта қозғалысқа қатысушылар, яғни жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілер де көптеген қателіктерге жол береді,-дейді аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы, полиция майоры Тимур Мамытов.- Осыған орай жаяу жүргіншілердің жүру қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету шарасына автокөлік құралдарының жүргізушілері, жаяу жүргіншілер, соның ішінде балалар да қатысты. Мектептерде оқушылармен жол қозғалысы тақырыбында кездесулер өткізіліп, лекциялар оқылды. Жәнібек ауылының пошта байланыс торабы, «Әжіғали» дүкені және ескі базар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде оған қатысушыларға аталмыш акцияның мақсаты кеңінен түсіндіріліп, жолды кесіп өту кезінде ережені қатаң сақтау, оған тиісті дәрежеде мән бермеудің соңы ауыр зардаптарға әкеліп соқтыратыны жөнінде егжей-тегжейлі айтылды.

                                                                                             www.zhaikpress.kz

А. ҚҰСАЙЫНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале