29.02.2016, 13:03
Оқылды: 37

Екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына көмек көрсетті

TJD Algis aitu kyni   Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аясында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына атаулы көмек көрсетті.


Ұлдардың анасы балаларды оқыту үшін Орал қаласында жалға алынған пәтерде тұруға мәжбүр, үлкені Айқын № 15 көмекші мектебінде оқиды, ал кішісі Айбек мүгедек балаларға арналған қатты психикалық-неврологиялық ауруларымен ауыратын ауруларға арналған «Шапағат» оңалту орталығына барады.

Әр бала біздің қоғамнан ерекше қамқорлық және көмек алуға құқылы. Бірақ дене және ақыл-ой жағдайы оларға деген жоғары көңіл бөлуді талап ететін балалар бар. Мүгедектік – бұл балалар және олардың ата-аналарының үлесіне тиетін зор сынақ.

Құтқарушылармен кездесуге қуанғандығын жасырмаған Айқын оған пульті бар теледидар, сонымен қатар бумен жасайтын үтік сыйлаған Департаменттің қызметкерлерін қарсы алды. Бала сыйлықтарға қуанышпен қарап, тұрмыстық техниканың қалай жасайтындығына қызықты.

Өз кезегінде ұлдардың анасы Берденова Нұргүл құтқарушыларға өздерінің отбасына көрсеткен ілтипаты үшін алғыс айтты:

- Әлемде ауру балаларға көмек көрсететін адамдардың қалғандығын сезіну тамаша. Біз құтқарушыларға артық сөзсіз нағыз ерлерге тән көмек көрсеткендері үшін шын алғыс білдіреміз.

Сыйлықтармен келген офицерлер ұялып, жауап берді:

- Азаматтарға көмек көрсету – бұл біздің негізгі мақсатымыз, ал мүгедектерге көмек көрсету бұл әр адамның борышы, біз өзгенің қайғысына бейжай қарай алмадық.

Бірақ ең жақсы алғыс Айқынның жылы және шын күлімсіреуі болды.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және

ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале