1.03.2016, 11:02
Оқылды: 16

Екі тарап сыбайластықпен бірлесе күреседі

Oral kalalik IIB   Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті мен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық және өзара іс-әрекет туралы меморандумға қол қойылған еді. Меморандум Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында өзара іс-қимылды дамыту және жақсарту, сондай-ақ  сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында ынтымақтастық орнатуға ұмтыла отырып бірлесе жұмыстануды көздейді.


Осыған орай, 25 ақпанда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Орал қалалық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу іс-шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы №2 Орал қаласы бөлімінің қызметкерлері, әкімшілік басқару қызметінің қызметкерлері, орталықтың қызметкерлерді дамыту қызметінің бастығы Алтын Абуова, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы Орал қ.№1 бөлімінің басшысы Луиза Кусайнова, Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Естай Рашқалиев, Орал қ.ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы полиция майоры Қанат Мұқанов, Орал қ.ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция капитаны Әсет Қаленов,  кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны  Самиғолла Абдрахманов қатысты.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы Орал қ.№1 бөлімінің басшысы Луиза Кусайнова 2016 жылғы ақпан айындағы кестеге сай ұйымдастырылып өтіп отырған семинардың маңыздылығы мен мақсатына тоқталды. Одан әрі Орал қ.ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция капитаны Әсет Қаленов бұған дейін қолданыстағы сыбайлас жемқорлық туралы заңның   баптарын саралап, соңғыда өзгерістер мен толықтырулар енгеннен кейінгі нұсқасын талдады. Қолданыста болған заңның баптарында айтылмаған терминдер, тараулар мен баптардың салмақтылығын атап өтті. Өзі басқарып отырған басқарманың жетістіктерін әңгімелеген Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Естай Рашқалиев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қолға алынып, ауқымды істердің межеге жеткенін айтты. Орал қ.ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы полиция майоры Қанат Мұқанов халыққа қызмет көрсету орталығының екінші қабатында тұрғындармен тығыз жұмыс атқарып отырған инспекторларға сыбайластықтың орын алмауы хақында дәріс оқылғанын, жол берілмейтінін баяндады.

 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК БҚО бойынша филиалы Орал қ.№1 бөлімінің басшысы Луиза Кусайнова, Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Естай Рашқалиев,  Орал қ.ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция капитаны Әсет Қаленов бұндай семинарлар жиі ұйымдастырылса, сыбайлас жемқорлықпен күреске мүдделі еңбек ұжымдары  ынтымақты түрде келеңсіздіктерді бірлесе жеңеді деген тоқтаммен уағдаласты.

www.zhaikpress.kz

Гүламан Исмагулова

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале