1.06.2016, 11:14
Оқылды: 30

Екі әлем чемпионының бапкері

????????????????????????????????????

   Спортшыны өсіретін де өшіретін де бапкер. Талай өреннің томағасын сыпырып, үлкен спортқа жол ашқан Фархад Жалмурзинді Зеленов жұрты жақсы біледі. Шағын ғана ауылдан каратэ үйірмесін ашып, балаларды спортқа баулып жүр. Жетістіктері де бір төбе. Ол ғасырлар тоғысында ауыл балалары бос уақытын текке өткізбесін деп Новень ауылында каратэ үйірмесін ашады.


   Басында тәжірибесіз бапкердің шәкірттері жеңісімен қуантпағынымен екі жылдан соң Шымкент қаласында өткен ел біріншілігінде алғашқы жүлде тиеді. Оны Арман Қапашев атты шәкірті алып берген. Қандай қиындық кездессе де бастаған ісін аяғына жеткізбей қоймаймын, ауылымнан чемпиондар шығарамын деген арманынан бас тартпаған бапкер шәкірттерінің саны уақыт өткен сайын арта түседі. Басындағы 5 бала 2001 жылы 15-ке жетеді. Сондай-ақ ауданымызға қарасты Белес ауылының өрендері де үйірмеге қатысуға ниет білдіреді.

   Шәкірттерін баптап қана қоймай өзі де жарыстарға түсуді ұмытпаған Фархад көршілес Ресей елінде өтіп тұратын турнирлерге шыға бастайды. Ең алғашқы халықаралық сындары Ресейдің Тула қаласында өтеді. Ол бәсекеде Зарина Имақұлова ІІІ орын иеленсе, Перм қаласында болған тағы бір байрақты бәсекеде шәкірті Василий Ерғалиев пен Фархадтың өзі ІІ орын иеленеді. Сол жақта қазақ елінің каратэшілерінің өнеріне разы болған еуропалықтар біздің өрендерді Израилдің Раман-Ган қаласында өтетін Еуропа чемпионатында бақ сынауға шақырады.

     –Израилге шақырған кезде қатты толқып кеттім. Бірақ еліміздің атын осындай үлкен бәсекеде шығарудың сәті түсіп тұрған соң келістім. Еуропаның кіл мықтылары жиылған жарыста Айзада Үрістемова атты шәкіртім ІІ орын иеленді. Қуанышымызда шек болмады. Кіп кішкентай ауылдың қызы Еуропаны таң қалдырды,-дейтін ол бұл жетістігімен тоқтап қалмады. Облыстық, елішілік жарыстарды оңайлықпен ұтып алып жүрген шәкірттері мен өзінің ел құрамасы сапындағы алғашқы әлем біріншілігіне жолы түседі осы кезде. Шотландиядан жүлдесіз қайтқанымен шәкірттері Нұрхат Жалмурзин ІІІ Айзада Үрістемова І дан иегердері атанады.

    Бұдан кейін тағы да әлем чемпионатына жолы түскен аудан спортшыларының арасында Аида Имақанова Жапония еліндегі біріншілікте өзінің жетістігін қайталап, екі дүркін әлем чемпионы деген атаққа ие болса, тағы бір шәкірті Николай Сеннов күміс медаль иеленеді.

    18 жылдан бері балаларды баптап келе жатырған Фархад Жалмурзин бұ күндері ауданымызға ғана емес, елімізге танымал бапкер. Қазақстан Республикасының спорт шебері,қара белбеу 5 дан иегері және еліміздің спорттық каратэ федерациясының бас төрешісі. Осы жылдар ішінде ол екі әлем чемпионынын, 3 әлем біріншіліктерінің жүлдегерін, 7 спорт шебері мен 14 спорт шеберлігіне үміткер жасты тәрбиелеп шығарған.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале