14.09.2015, 12:01
Оқылды: 23

Елбасының Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды

Prezident   ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен  Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысын Кохи Миллат Ұлттар сарайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Мемлекет басшысының сапары барысында бүгін, 14 қыркүйекте Тәжікстан Президенті Э. Рахмонмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жоспарланған.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Бұдан басқа, Елбасының Тәжікстан Республикасы Жоғары Жиналыс өкілдері палатасының төрағасы Ш. Зухуровпен кездесуі жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары арасындағы байланыс тәуелсіздік алғаннан бері достық пен әріптестік аясында дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықты қамтитын 80-ге жуық құжат бар. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 700,4 млн долларды құрады. Ал 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 299,2 млн доллар болды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмен. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 325 млн долларға жеткен еді.

Қазақстан Тәжікстанмен арадағы сыртқы сауда көлемі жағынан тұрақты түрде  Ресейден кейінгі екінші орын алады.

Қазақстан үшін ынтымақтастықтың басымдықты бағыттары - тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия, машина құрылысы, энергетика, тамақ өнеркәсібі, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы салалары.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале