4.06.2015, 18:12
Оқылды: 30

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты дөңгелек үстел оздырылды

100 kadam  Бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Елбасының «Ұлт жоспары – 100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институциональдық реформасы төңірегінде дөңгелек үстел өтті.

Шарада сөз алған аға оқытушы Балдай Ходжанова – Ұлт көшбасшысы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан ілгерілеуі үшін отандастарымыздың ынтымақ-бірлігі мығым болғанда ғана жүзеге асатынын тілге тиек етті. Елбасымыз ұсынған мемлекеттік нығайтуды көздейтін институциональдық реформалардың бес бағыты да бір-бірімен ажырағысыз маңызды. Бірінші реформада айтып өткендей, кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін жауапты қызметтерді атқаратын тұлғаның бірден биік мансаптық лауазымда қызмет атқаруға жібермей, төменгі қызметтен көтерілгені дұрыс. Өйткені төменнен көтерілу басшы азаматқа қарапайым халықтың, жалпы ел-жұрттың тыныс-тіршілігін, мұң-мұқтажын және қоғамдық көзқарасын жіті танып білуге жағдай жасайтын фактор екенін атап өтті. Осы орайда  кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай туғызатын, экономикалық өсімге негіз болатын заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесін реформаның екінші бағытында айта кеткен еді. Сондай-ақ  Ұлт Көшбасшысы индустриаландыру мен экономикалық өсім және  қазақстандықтардың біртұтас болашақтың ұлты ретінде қалыптасуы үшін «Біртектілік пен бірлікті» насихаттау да басты мәселелердің бірі екенін де мәлімдеді,-деді.

Сонымен қоса география ғылымдарының кандидаты, доцент Тантьяна Терещенко «Елбасы бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы білім берудің рөлі» атты баяндамасында,

-Жалпы білікті маман болып қалыптасу үшін оқудан, математикадан және ғылыми-жаратылыстанудан  сауатты болу керек.  Сондай-ақ  үш тілді меңгертіп, барлық  жоғары оқу орындарында   Болон жүйесін енгізген абзал,- деді.

www.zhaikpress.kz

                                                        Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале