3.05.2016, 16:01
Оқылды: 26

Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі

 brifing1    ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі облыстық филиалының брифингі болды. Брифинг сәуір айының басында АҚШ-тың астанасы – Ва­шинг­тон қаласында өткен Ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне арналды. Брифингке Алматы ядролық- физика институтының бас директоры, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор Саябек Сахиев, БҚ аумақтық  кәсіподақтар орталығының  төрағасы Ербол Салықов, КАЗИИТУ Ғылыми білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов қатысты.


           Ербол Салықов пен Ақсерік Әйтімов Президент Н. Назарбаевтың  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі әлем қауымдастығының назары мен қызу талқысына  түскен тарихи маңызы бар құжатқа айналғанына тоқталды. Алматылық ғалым Саябек Сахиев ядролық қарудың әлемге төндірер қаупі туралы айта келе, Елбасы манифесінің ең маңызды тұсына тоқталды.

     -Бірінші кезекте төмен байытылған ядролық отын банкі жөніндегі айтар болсақ, бұл - Елбасымыздың үлкен бастамасы. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды.Ол жұрт ойлағандай,  елдердегі қалған қалдықтарды жинау емес, үлкен болашағы бар мәселе. Неліктен? Өйткені, төмен байытылған ураннан лаңкестер ядролық бомба жасай алмайды. Яғни қауіпсіз. Бүгінгі таңда жер бетінде жұмыс істеп тұрған 400-ден астам атом электр стансияларының отыны  әртүрлі. Олардың әрқайсының радиациялық қаупі бар. Егер солардың бәрі төмен байытылған уранға көшетін болса лаңкестерге қойылған үлкен тосқауыл болады. Ол кезде әр атом электр стансиясының  өз отыны болады және олар бір- біріне сәйкес келе бермейді. Ал төмен байытылған ядролық отын болашақта оны тиімді әрі қауіпсіз етудің негізін  қалайды деп ойлаймын. Бұл  Елбасының үлкен саяси бастамасы және Қазақстан үшін әрі ғалымдарға да үлкен пайда әкеледі,- деді Саябек Сахиев.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ

 «Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале