31.07.2015, 12:55
Оқылды: 19

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары талқыланды

Taskala Steskov   Облыс әкімінің орынбасары И.Стексов бастаған ақпараттық насихат тобы ауданымызда болып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша» өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

Ақжайық, Зеленов, Теректі және Тасқала аудандарының мемлекеттік орган басшылары мен мәслихат  депутаттары, сондай-ақ  кәсіпкерлердің басын қосқан   аталмыш шараның күн тәртібінде  Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын жұмыстарды іске асыру барысы қозғалды.

Облыс әкімінің орынбасары, ақпарат тобының басшысы И.Стексовтың төрағалығымен өткен  жиынды аудан әкімі С.Әлиев ашып, Елбасының сайлауалды бағдарламасының басты өзегін бес институционалдық реформа құрағанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ ақпараттық топ мүшелері облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Б.Конысбаева, облыстық қаржы басқармасының басшысы Е.Шүкірғалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық-иновациялық даму басқармасы  басшысының орынбасары М.Сатқанов облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары Н.Қарағойшин, облыстық мемлекеттік кірістер департмаенті  басшысының орынбасары Н.Абдулов пен облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин, БҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы М.Акмалиевтер өз салаларына қатысты Ұлт Жоспарындағы қадамдарға тоқталып, жиналғандарға түсіндіріп өтті.

Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале