17.09.2015, 17:34
Оқылды: 48

Елбасы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті

Nogaev Elbasi     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атырау қаласында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Ноғаев Мемлекет басшысына өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын және шекаралас өңірлер арасындағы сауданы дамыту мәселелері де талқыланды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале