9.03.2016, 14:02
Оқылды: 21

Елбасы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатымен танысты

BolashakTT Nazarbaev   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҚО-ға жұмыс сапары барысында Орал қаласындағы «Болашақ-Т» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатында болды.


«Болашақ-Т» ЖШС жұмысшыларымен бейресми әңгімелескен Елбасы бұдан соң жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы үшін құрастырмалы жүйе және темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты.

Кездесу барысында құрылысшылар атынан сөз алған жас маман Тимур Қощанов жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осында жұмысқа келгенін, бұл мамандықтың ұнайтынын, көп ұзамай үйленіп, баспаналы болғысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ өндірістік-техникалық бөлімнің инженері Людмила Ундакова жастарды өндіріске көптеп тарту жөніндегі ойларымен бөлісті.

Айта кетейік,«Болашақ-Т» ЖШС республикада алғашқы болып үй құрылысы комбинатын салды. Бұл жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құраса, соның 500 млн. теңгесі - кәсіпорынның өз қаражаты. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында 62 жаңа жұмыс орны ашылса, қызметкерлердің орташа жалақысы - 100 мың теңге.

Президенттің БҚО-ға жұмыс сапары жалғасуда.

  www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале