28.09.2015, 20:20
Оқылды: 11

Елбасы жалпы активтері 10 трлн. долларды құрайтын америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Nazarbaev kazakstan  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпы активтері 10 трлн. долларды құрайтын америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

Бұл туралы Елбасының АҚШ-қа сапарына байланысты ҚазАқпарат тілшісіне эксклюзивті түсіндірме берген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы-кеңесшісі Дәурен Абаев айтты.

«Белгілі болып отырғандай, Мемлекет басшысы қазіргі дейін БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тәртібін қабылдау жөніндегі саммитіне қатысты. Алдағы күндері Қазақстан Президенті екі ірі саммитке, атап айтқанда,  Бас Ассамблеяның жалпы пікірталасына және Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес жөніндегі саммитін қатысып, сөз сөйлейді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Бас ассамблея алаңында бірқатар шет елдің мемлекет және үкімет басшыларымен, оның ішінде АҚШ Президенті Барак Обамен кездесуді жоспарлап отыр.  Бұл Мемлекет басшысының әлемнің ірі елдерінің көшбасшыларымен үшінші кездесу болмақ. Өйткені, бұған дейін осы айда Мемлекет басшысы Владимир Путинмен және Си Цзиньпинмен кездескен болатын.

Толықтай алғанда, Елбасы ірі америкалық бизнес өкілдерімен кездесуге де баса назар аударады. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін Президент жетекші америкалық компаниялардң басшыларымен кездесті. Бұл топтың бейресми атауы - «АҚШ экономикасының капитандары». Аталған компаниялар активтерінің жиынтық құны  10 трлн. доллардан асып жығылады. Миллионерлер туралы жазылған «селф мэйд» туралы барлық кітаптардың жартысы аталған адамдардың өмірілік сценарий бойынша жазылған десек асыра айтқандық емес. Нұрсұлтан Әбішұлы үшін бұл кездесу зор маңызға ие. Өйткені,  бұл -біздің еліміздің мол инвестиция тартудың тамаша мүмкіндігі.  Кездесу барысында баса мән берілген жайттардың бірі Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру болды. Іс жүзінде кездесуге қатысушылардың барлығы да Қазақстанға инвестиция салуға пейілді екендіктерін білдірді», - деді Д.Абаев.

ҚР Президенті баспасөз хатшысының атап өтуінше, кездесу барысында америкалық корпорациялардың өкілдері болашақтағы жаһандық қаржы нарығына қатысты өз ойларымен бөлісіп, Азия өңірінің дамуына қатысты болжамдарын айтты. Сонымен қатар олар инновация саласындағы жаңа трендтерді атап өтіп, энергетика нарғының болашағы жайында сөз қозғады.

Айта кетейік, кездесуге Guggenheim, JPMorgan, McKinsey&Company, General Electric, Carlyle Group, Pfizer, Blackstone сынды компаниялардың басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесуде танымал қаржыгер Бен Бернанке, АҚШ президенттері Дж.Буштың, Б.Обаманың инновация жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Томас Челуччи болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале