30.11.2015, 20:05
Оқылды: 29

Елбасы Жолдауын Жалпақтал колледжі ұжым болып тыңдады

Kaztalov kolledj joldau Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей эфирден көрсетілген жыл сайынғы Жолдауын Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі ұжым болып тыңдады.

Оған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, колледж директоры Мағауия Есмағұлов, мекеме қызметкерлері. студенттер қатысты. Жалпақтал колледжі ауданымыздағы ірі білім ошағының бірі. Мұнда ауыл шаруашылық, құрылысшы, есептеуіш машиналарының оперторы мамандықтарын дайындайды.


 

-Елбасының жыл сайынғы Жолдауы жігер, күш береді. Қазіргі уақытта әлемдік дағдарыс орын алып, аса қиын кезеңге аяқ басты. Бүгінде біздің еліміз бай да қуатты мемлекеттермен теңесетіндей жағдайға жетті. Елбасы: «Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылармен, шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетін болады. Осының барлығы халыққа болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз бола алады»-деген болатын өзінің халыққа арнаған Жолдауында. Әрине мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегінің жемісі. Елбасы Жолдауына орай ауданымызда құрылатын ақпараттық-насихат топтарымен бірлесе отырып, мемлекет басшысының сөзін қалың бұқараға жеткізе білуіміз керек.-деді колледж директоры Мағауия Сансызбайұлы.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале