26.04.2016, 12:01
Оқылды: 22

Елбасы манифесі: бейбіт өмірге үндеу

Bomba     Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жө­нін­дегі қо­ры­тынды саммитке қатысқан ке­зінде кім-кім­ге де ой салатын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті. Бұл манифест саммитке қатысып отырған барлық әлемдік көш­бас­шыларға арналғанымен, ядролық қауіп-қа­тер мен соғыс үрейіне қарай бүкіл әлем­дік қоғамдастыққа құлаққағыс еткендей әсер қалдырды.


    Аталған бағдарламалық құжаттың ядро­сы орнықты әлем орнатуды қамтамасыз ету қажеттігі болып табылады. Оның үстіне Қазақстан мемлекетінің басшысы қауіпсіз­­­дік саласындағы тұрақсыздықты атап көр­сете келіп, әлемнің түрлі бұрыштарында жа­­ңа текетірестер мен әскери қарсы тұрушы­лық­тардың жаңа ошақтары тұрақты түр­­де пайда болып отырғанына өзінің алаң­даушылығын білдірді.

     Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша әлем басшыларын қарусыздану мен таратпау ісіне әрі қарай да батыл үлес қо­су­ға шақырады. Аталған салада Қазақстан екі онжылдық бойы үлгі болып келе жа­тыр. Бұлай деп отырған себебім, әлемде алғаш болып өз аумағындағы ядролық сынақ по­лигонын жапты.

     Бұған қоса әлеуеті жөнінен әлемдегі төр­тінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, әлемдік қоғамдастық алдында жақсы атқа ие болып қана қоймай, бей­бітшілік бағытындағы бастамаларын тұрақ­ты жалғастырып келеді. Бұл бастамалар не­гізінен қарусыздану мен таратпау бағыт­та­рын көздейді. Жалпы алғанда, жариялан­ған манифест Қазақстанға тек бедел мен сенім  қосатын  болады.

Дитер БОДЕН,

ГФР-дың ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі, саясаткер

www.zhaikpress.kz

 «Егемен Қазақстан»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале