30.11.2015, 17:32
Оқылды: 15

«Елбасы тапсырмасын бірлесіп орындаймыз»

Saltanat s01        Орал қаласындағы Салтанат сарайында батысқазақстандықтар Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын тамашалады.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, биылғы Жолдаудың ерекшелігі - Елбасының жаһандық дағдарысты жағдайларға  байланысты қиындықтардан шығудың нақты 5 бағытын айқындап беруінде. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы жаңа саясат та көпшіліктің назар аударды.

 

-Мемлекет басшысы биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта қолға алынатын іс-шаралар жоспарын айқындап берді. Оның ішінде банк саласындағы жұмыстарды оңтайландыру, жекешелендіру, әлеуметтік, білім салаларындағы өзгерістар бар. Әлемді шарпыған дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстанның өз сара жолы болатыны бүгінгі Жолдаудан анық көрініп отыр. Бұйыртса, келер жылдан бастап сіздер мен біздер Елбасы тапсырмасын бірлесіп орындаймыз,-деді жиыннан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

 

Saltanat s03

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале