3.07.2015, 20:38
Оқылды: 29

Елбасы тұлғасы – елдік бренд

11051925_1617534855161265_7460690357552823141_n   Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Елбасы және Тәуелсіздік» залының тұсаукесері  өтті.

Астана өзіндік қайталанбас өрнегімен, асқақ сәулетімен баршаны тамсандыруда. Бас қаланың мәртебесі асқақтауына негіз болған Елбасының еңбегі ерен. Ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты мен мығым қайраткерлігінің арқасында еліміз егемендік алған жылдан бері еңсесін тіктеп, өзге мемлекеттер ғасырлап жете алмаған белестерді бағындыруда. Сондықтан біз үшін «Елбасы», «Тәуелсіздік», «Астана» ұғымдары мақтан тұтар басты брендімізге айналды.

Одан әрмен сөз кезегін спорт саласының ардагері Темірболат Құбашев жалғастырды. Ол 1960-1962 жылдары Қазақстан Магниткасының құрылысын қалаған құрыш қолдар қатарында Елбасымен бірге еңбек еткенін атап өтті. Ал, «Ару аналар» ансамблінің жетекшісі Клара Саржанова 1962 жылы Финляндияда оздырылған  жастардың VІІІ дүниежүзілік фестивалінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жалынды сөз сөйлегенін, жерлестермен танысқандағы қарапайым болмысын айтты.

Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин мен ардагер Темірболат Құбашев «Елбасы және Тәуелсіздік» залының алдында лента қию рәсімін жасағаннан кейін мұражай экскурсоводы Гүлбөбек Қалешова залдағы жабдықтарды көпшілікке таныстырды. Мұнда мемлекет басшысының балалық шағынан бастап, қайраткерлік өсу жолы, отбасылық өмірі, саяси тұлғаға  айналуы, маңызды оқиғалар көрінісін, өңірімізге жасаған іссапарын айғақтайтын фотосуреттер қойылған.

    www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале