16.09.2015, 13:01
Оқылды: 32

Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Сочи қаласына барды

Elbasi soshi  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласына барды. Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Ресей Президенті В.Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале