13.08.2015, 18:36
Оқылды: 56

Елге деген сағыныш

АсхатРеспубликалық ән байқауларының жүлдегері, жерлес әнші Асхат Үрпекті қазақ еліне танытқан «Ауылды аңсау» мен «Сен сұлу» әндері. Туған елге ат басын бұрған әнші жігіт жергілікті ағайынға сазды бағдарламасын ұсынды.

Ән кеші басталысымен-ақ сағыныш самалы есіп-ақ тұрды. Әнші сахна төріне көтерілісімен көпшіліктің қошеметі бірден сезілді. Тыңдарман қайта-қайта қол соғып, ерекше құрмет көрсетті.

Залға жиналған әнсүйер көрермен әншімен бірге ән шырқап, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Айта кету керек, әншінің репертуарында оннан астам ән болса, алты рет көркем фильмдерге түсіп, актерлік шеберлігін де таныта білген.

Бүгінгі таңда Асхат Алматы қаласындағы Абай атындағы опера-балет театрында актер болып қызмет жасайды.

Әсем әнмен өрілген кеште әншінің орындауында «Ақжайық елім», «Асыл әжем», «Әкені аңсау», «Анаға сый», «Әдемі-ау» т.б әндері ерекше сезіммен шырқалды.

Өнердегі және өмірдегі достары Нұршат Исламғалиев, Асхат Муса әсем әндерімен кештің шырайын кіргізіп, әншіге тарту-таралғыларын жасады.

Өнер өкілінің кеші сазгер Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен сахна шымылдығын жапты.

Кеш соңында аудан әкімі Асхат Шахаров Асхат Үрпековке ақ тілегін арнап, алғыс хат және естелік сыйлық табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале