9.09.2015, 12:19
Оқылды: 60

«Елге тағзым». Өнерің өрге жүзсін, Дәурен!

Kaztalov D seitjanov02   Жерлесіміз, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, қазақтың «Григорий Лепсі» Дәурен Сейітжанов бауырымыз Қазталовтың маужыраған кешін әнге бөледі.  Жұртшылық әнге қосылды, бүлдіршіндер әнші ағасымен бірге сахнада әуенге қосылып биледі. «Жылдар-ай» әні аға-апаларды настальгияға жетелесе, «Таңғы қала» бір сәт Қазталовты «қалаға» айналдырып жіберді. Ал, «Қазақстан, алға!» әні жастардың рухын аспанға көтерді.

Ән жүрекке жеткенде ғана әнші мен тыңдармандардың арасында байланыс болады. Ал Дәуреннің әндері жүрекке жетіп жатты... «Өкінбе сен» , «Я люблю тебя до слез» әндері... Үлкенді де, кішіне де қиялға самғатып, алысқа жетелегендей болды...

«Ғасырнама» әні. Бұл әнді аудандық мәдениет үйінің әншісі Нәрік Дүйсенов орындады. Дәурен айтады, - мен осы әнді Нәрік ағамнан үйрендім. Осы арқылы алғаш рет елге танылдым, - деп ағынан жарылды.

Міне, кішілік, кісілік деген осы емес пе? Ауылдағы әнші ағасын өзінің ұстазы санауы – Дәуреннің адами қасиетін көрсетіп отыр , - деп білеміз.

Дәурен тек ән айтып қана қойған жоқ, елге деген сағынышын Ұлықбек Есдәулетовтың «Туған ауылға» арнаған өлеңін де оқып берді. Сонымен қатар ауылдастарына кезінде ауданымыздың ішкі істер бөлімін басқарған марқұм әкесі Нұптығали Сейітжановқа ескерткіш тақта орнатқаны үшін ыстық ықыласын жеткізді.

Ән кешінің соңында Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев жұртшылық атынан рахметін жеткізді.

Жарайсың, Дәурен! Туған еліңді әнге бөлегенің үшін. Саған қазталовтықтар, -өнер шыңында қалықтай бер! - дейді.

 www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале