14.10.2015, 14:07
Оқылды: 29

Елдік түбі — бірлік

ассамблея казталовБүгін Қазталов ауданы орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған форум өтті. Форум жұмысына БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов және Ассамблея мүшелері  қатысты.

Форум жұмысы аудандық тәрбие орталығында «Нұрлы бақ» саябағының ашылуымен басталды. Бұл саябаққа отырғызылған жеміс – жидек талдарын Ассамблея сыйға тартқан болатын.

Салтанатта жастар флешмобы ұйымдастырып, биден шашу шашты. Салтанатқа қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов құттықтады.

ассамблея казталов (2)Сонымен қатар келген қонақтар «Қайырымдылық» айлығы аясында өтіп жатқан ардегерлер арасындағы теннис сайысын тамашалады.

Бұдан кейін келген қонақтар «Достық» саябағын аралады.

Аудандық мәдениет үйінде «Этникаралық толеранттылықты нығайту және барлық ұлттық келісімді сақтау» тақырыбында «Достық» форумында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр баяндама жасады.

ассамблея казталов (1)Форумда сөз алған Жалпақтал ауылдық округі қоғамдық келісім төрағасы Ғилым Едекешов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері Бахрам Рахманов, Марина Васильева, Қазталов ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Фарзия Хасанова, Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиевтер Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында елімізде бірлік пен татулық нығая берсін деген лебіздерін жеткізді.

Басқосуда бірлік пен татулық жолында ізгілікті істер атқарып жүрген түрлі ұлт өкілдеріне алғыс хаттар табыс етіліп, арнайы қарар қабылданды.

                  www.zhaikpress.kz

 «Ауыл айнасы» ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале