16.09.2015, 15:00
Оқылды: 23

Елді мекендердегі жағдай жаман емес

Janakala eldimeken jagdayi jaman emes    Жаңақала ауданы әкімі Л.Хайретдинов өткен жұма күнгі жұмыс аяғында - Есеп береміз, ашық есік күндерін өткіземіз, әйтеуір округ орталықтарындағы тұрғындармен жиі жүздесіп жүрміз ғой. Шалғай елді мекен тұрғындарымен кездеспегенімізге біраз болып қалыпты. Қыс алдындағы жағдайды сұрап білгеннен көзбен көріп, мұң-мұқтаждарын өз ауыздарынан естігеніміз жөн болар,-деп сапар жайын қаперімізге берді.

Сөйтіп, ауылдағы ағайынның жағдайын көзбен көріп, мұң-мұқтажын естімек мақсатымен аудан басшысы бастаған топ Салтанат, Саралжын, Борық, Үшкемпір, Плантация елдімекендеріне барып қайтты. Ондағы әлеуметтік мекмелердің жылыту маусымына дайындығы, шаруалардың қысқы мал азығын дайындау барысымен жете танысып, бірқатар шаруа қожалықтарын да аралады.

Көзбен көргендей шалғай ауыл тұрғындары елдегі жағдайға түсіністікпен қарап, малдарын өсіріп, айранын ұрттап, бұрынғыша тірліктерін  жасауда. Қысқа қамданыстары да жақсы. Малына жетерлік шөбін үйіп, азық-түлік қорын жасақтап, дағдылы тұрмысынан жаңылмаған. Қазақылықтың қаймағын бұзбай, үлкені ақылшы, кішісі қолғанат болып септескен ауыл тірлігіне көңіл толып оралдық.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале