17.09.2016, 13:04
Оқылды: 38

«Елді әркез сағынамыз»

 Нұрлыбай ҚАЖЫҒАЛИЕВ, Астана қаласының тұрғыны (Батыс Қазақстан облысының тумасы):


-Бүгінгі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жәрмеңкесінен өте ерекше әсермен тарқап бара жатырмыз.

Өзім Ақ Жайық өңірінің тумасымын. Астанада тұрып жатқаныма 10 жыл болды.

Жерлестеріміз ұйымдастырған жәрмеңкеге келіп, өте төмен бағаға сауда жасадық. Атыраудың балығынан, Оралдың етінен алдық.

Жерлестерімізге дән ризамыз, табыс тілеймін. Астанаға жиірек келіп тұрғанын қалаймыз. Елді әркез сағынамыз. Дұғай сәлем жолдаймыз.

Ертай БИМҰХАНОВ

Астана қаласынан

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале