7.07.2015, 20:16
Оқылды: 24

Елорданың туған күніне арналды

Taskala Astana kynine shara   Астана күніне орай аудан орталығында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі кеше Абай алаңында өткен  мерекелік концерт.

Кешкісін орталық алаңға жиналған халық әдемі ән тыңдап, субұрқақтың жанында демалды.

Одан әрі  Астана күніне орай  оқушылар арасында облыстық білім басқармасының басшылығымен, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экология орталығы, сондай-ақ Тасқала аудандық жас туристер станциясы ұйымдастырған велосипед туризмі техникасынан «Күміс шабақ-2015» облыстық жарысына қатысушылардың мерекелік шеруін тамашалады.

Одан әрі сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.Фомин шараға қатысушыларды  айтулы мерекемен құттықтады.

Кештің соңы аудан көркемөнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Н.Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале