Еліміздің болашағы үшін және Қазақстанда салтанат құрып отырған тұрақтылық пен келісім үшін дауыс бердім. Бұл туралы бүгін Орал қаласындағы №521 сайлау учаскесінде өз таңдау құқығын жасаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
«Бүгін әр сайлаушының сайлау учаскесіне келіп, өзінің қалаған партиясы мен адамдарына даусын бергені ерекше маңызды. Әр сайлаудың өзіндік орны бар. Мәжіліске өткен партиялар мен мәслихат депутаттары болып сайланғандар өздерінің сайлауалды тұғырнамасы мен бағдарламасын жүзеге асыра отырып, әр сайлаушының ойынан шығуға тырысады. Сайып келгенде, олардың бәрі елдің одан әрі дамуына өз үлестерін қосады», деді әкім.
Елжан Ералы